Шартарап

Ухань ғалымдары өздерін жарқанаттардың тістегенін айтқан

  • Ухань ғалымдары өздерін жарқанаттардың тістегенін айтқан

    Ухань ғалымдары өздерін жарқанаттардың тістегенін айтқан

Коронавирус тарала бастаған Ухань қаласының ғалымдары өздерін жарқанаттардың тістегені турлы айтты, деп жазды lenta.ru.
Ухань вирусология институтының ғалымдарының бірі 2017 жылы оны үңгірде зерттеу жұмыстарын жүргізгенде жарқанаттың тістегені туралы айтып берген.

Олардың тістері өте өткір, тіпті резеңке қолғаптан өтіп кетті. Ине шаншып алғандай әсер болды. Алайда құтыруға қарсы вакцина алғандықтан оған мән бермедім, - деді ол.

Сонымен қатар кадрда қытай ғалымдарының осыдан төрт жыл бұрын жарқанаттармен жұмыс істеу барысында ДДСҰ  талаптарын бұзып, қорғаныш құралдарын пайдаланбағыны көрініп тұр. Сол кездің өзінде жарқанаттардың SARS пневмониясын тудырушы мен көптеген вирустердің таратушысы екені мәлім болатын. 

Бейнежазба 2017 жылдың 29 желтоқсанында мемлекеттік телеарнада көрсетілген. Одан зертханада сұқбат беріп, жұмысын көрсеткен вирусолог ғалым Ши Чжэнлидің де қорғаныш құралдары қолданбағаны көрініп тұр.

Вирусолог елдегі басылымдарының біріне берген сұқбатында оның жұмысы көпшілік ойлағандай қауіпті емес екенін алға тартқан. Сонымен қатар вирустың адамға жарқанаттан жұғу мүмкінігі де төмен деді ол. 

Дегенмен Taiwan News басылым авторлары Уханьға келген ДДСҰ өкілдерін осы мәселеге назар аударуға шақырған.


BAQ.KZ




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 08:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28