Шартарап

"Ухан күнделігі" жазбасының авторы өзіне тағылған айып туралы пікір білдірді

  • "Ухан күнделігі" жазбасының авторы өзіне тағылған айып туралы пікір білдірді

Қытайдың ең танымал және еңбек сіңірген жазушыларының бірі, COVID-19 пандемиясы кезіндегі Ухандағы өмір туралы баяндайтын құжаттың авторы Фан Фан бір жылдан кейін биліктің сынына жауап берді. Жазушы коронавирус індеті басталған алғашқы күндердегі Уханды сипаттағаны үшін Қытай үкіметі тарапынан жағымсыз пікір алған, - деп хабарлайды ">Tengrinews.kz тілшісі жергілікті Voa Chinese порталына сілтеме жасап.

Алайда Фан бұдан тоқтап қалмайтынын айтады. "Алда келе жатқан апат жағдайында өз пікірімізді білдіріп, бүкіл әлемге кеңес беру өте маңызды", - деді жазушы.

 
Эпидемия басталғаннан 76 күнге созылған оқшаулану кезінде Уханның 11 миллион тұрғынының басым көпшілігі Фанның онлайн күнделіктерін оқуды әдетке айналдырған. Сонымен қатар, күнделікте вирус алғаш пайда болғанда қаланың шынайы көрінісін оқып-білуге мүмкіндік бар.

Фанг Фанг күнделікте Қытайдың ірілігі бойынша жетінші орындағы қаласы толығымен тоқтап, 9 миллион халқы карантинге жабылып, бейтаныс вируспен қалғанын суреттейді. Онда жазушы Қытай әлеуметтік желілерінде 2020 жылдың қаңтарынан бастап жариялаған 59 жазба бар.

65 жастағы жазушы жағдайды Weibo-парақшасында күнделікті жариялап отырған. Онда қытайлық микроблог қызметі, оқшаулау кезінде итімен жалғыз қалғаны, сондай-ақ "дағдарысқа қарсы коммунистік партияның басшылары жағдайды бақылаудан шығарып алғаны" жазылған.

Бастапқыда оның жазбаларын қоғам жақсы қабылдаған. Бірақ кейіннен оның күнделігі елімізге қарсы деп сыни пікір білдіргендер қатары жиілеген. Фанның жазбалары әлемге танылып, ағылшын тіліне аударыла бастағанда оқырман көзқарасы мүлдем өзгерген. 

"Әлемде не болып жатқанын сипаттағаныма және ҚХР билігі туралы батыл айтқаныма ешқашан өкінбеймін", - деді Фан.
Жазушының айтуынша, күнделік - жағдайды әділ бағалауға және оқшаулау кезінде болған жайттарды ой елегінен өткізуге көмектескен. Ол өзінің басынан өткен оқиғаларды, отбасы үшін қорқатынын, бос қалған қала туралы, аула сыпырушылары, тамақ әзірлеу тәсілдері туралы жазып отырған.

"Пандемия кезінде жазған күнделігім үшін билік мені жау санайды. Мүмкін, бұл үкіметті жамандау үшін емес, қарапайым халыққа жанашыр болғандықтан шығар. Бірақ мен өзімді кінәлі санамаймын", - деп түсіндірді жазушы.
Оның айтуынша, қытайлық БАҚ-қа оның мақалаларын жарияламауға бұйрық берілген. Сонымен қатар, Қытай басылымдар оның жаңа туындыларын да жарияламайтын болған.

Фан Фанға он мыңға жуық қорлайтын, өлім тілейтін хабарламалар келіп түскен. Әлеуметтік желілерде оны Батыспен бірігіп Қытай мемлекетіне шабуыл жасау үшін сатқындық жасайды деп айыптады. Қытай тұрғындары жазушыға тіпті АҚШ-тың барлау агенттігінің өзі күнделік жазу үшін ақша төлеген деп болжайды.




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 17:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28