Шартарап

Ухань зертханасының басшысы коронавирустың таралуы жайлы пікір білдірді

  • Ухань зертханасының басшысы коронавирустың таралуы жайлы пікір білдірді

    Ухань зертханасының басшысы коронавирустың таралуы жайлы пікір білдірді

Ухань қаласындағы вирустық зертхананың директоры, профессор Юань Чжимин коронавирус инфекциясының тарауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz, Daily Mail дерегіне сілтеме жасап.

Ғалымның айтуынша, оның рұқсатынсыз зертханаға "маса да ұшып кіре алмайды", себебі, мекемеде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.

"Кейбір адам біз жануарларды сату үшін оларға тәжірибе жасаймыз немесе жануарлар зертханадан қашып кетеді деп болжам жасаған кезде олар осы жердегі құралдар және біздің зертхананың жұмысы туралы білмеген. Тіпті, ешбір қызметкер осы жерден бір тамшы суды да алып кете алмайды", - дейді профессор мемлекеттік CGTN телеарнасына берген сұхбатында.

Қытай ғылым академиясы жанындағы биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Ухань ұлттық зертханасы P4 деген атаумен танымал. Мұнда 1,5 мыңнан астам қауіпті вирустың штаммы бар. Мысалы, мұнда Эбола безгегінің штаммы сақталған.

Айта кетейік, осыған дейін ұлыбританиялық БАҚ 2012 жылы Қытайда генетикалық жағынан SARS-CoV-2-ге ұқсас вирус таралуы мүмкін деген мақала жариялаған болатын.




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.07.2020, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31