Шартарап

Уханда вирусологтың әйелі пандемияға дейін коронавирустан қайтыс болған

  • https://www.dw.com/

    https://www.dw.com/

Ухань зертханасындағы вирусологтардың бірінің әйелі коронавирустан 2019 жылдың желтоқсанында қайтыс болған. Бұл туралы COVID-19-тың шығу тарихын зерттеп жатқан АҚШ мемлекеттік департаментінің бұрынғы қызметкері Дэвид Ашердің деректерінен белгілі болды деп хабарлайды kznews.kz.

 

Бұл вирустың адамдар арасында таралуы мүмкін екенін білдіретін алғашқы белгі болған», – дейді Дэвид Ашер.

 

РИА Новости жазғандай, Ашерге зертхана қызметкерінің әйелінің қайтыс болғаны туралы сол кезде Ухань вирусология институтында жұмыс істеген адам хабарлаған. Оның айтуынша, Қытай билігі коронавирустың адамдар арасында жұқпалы екені туралы ақпаратты «бір ай бойы жасырған».

 

Бұл эпидемияның өршуіне ықпал етті, дейді шенеунік. Айта кетейік, бұған дейін The Wall Street Journal басылымы пандемияға дейін Ухань қаласындағы вирусология институтының үш зерттеушісінің ауыр сырқаты туралы жазған болатын. Олардың үшеуі де қытайлықтар. Ғалымдар 2019 жылдың қараша айында ауруханаға жатқызылған.

 

Сонымен қатар, олардың ауру белгілері де ұқсас болған, оған қоса өздері «коронавируспен айналысатын бір команда мүшелері» болды, деп жазды басылым.

 

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы наурыз айында коронавирустың шығу тегін анықтау үшін Ухань қаласына сапары туралы сарапшылар тобының толық есебін жариялады.

 

Сарапшылар» SARS-CoV-2 вирусының зертханадан тарау ықтималдығы өте аз» деген тоқтамға келіп, коронавирус адамдарға жарқанаттардан басқа жануар арқылы жұққан деген болжам жасаған еді.

 

Дегенмен АҚШ және тағы 13 мемлекеттің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қорытындыларына көңілі толмай, COVID-19-дың шығу тегі туралы «тәуелсіз тергеу» жүргізу қажеттігін мәлімдеген болатын.

 

 

 

 




Көрілген: 787    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 02:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31