Шартарап

Уханьдағы аурухананың бас дәрігері коронавирустан көз жұмды

  • © AP Photo / STR

    © AP Photo / STR

Қытайдың Ухань қаласындағы госпитальдің бас дәрігері Лю Чжимин коронавирус салдарынан өкпесі қабынып, көз жұмды.

 

Reuters хабарлауынша, дәрігер 18 ақпан, сейсенбі күні қайтыс болған. Бұқаралық ақпарат құралы Лю Чжимин коронавирустан көз жұмған бірінші медициналық мекеме басшысы екенін хабарлады. Қытайдың орталық телевизиясы оның өлімін растады.

 

Ақпан айының басында дәрігер Ли Вэньляннің көз жұмғаны туралы айтылған болатын. Ол 2019 жылдың желтоқсан айында жаңа коронавирус туралы алғаш рет ескерткендердің бірі болды. Ол вирусты жұқтырып, келесі күні қайтыс болды.

 

18 ақпандағы мәлімет бойынша Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 1 868 адамға жетті. 12,5 мың адам дерттен айықты.

 

Соңғы бір тәулікте вирустан 98 адам көз жұмды. 1 701 адам ауруханадан шығарылды. Коронавирустың жаңа типіне барлығы 72,4 мың адам шалдықты. Бір тәулікте олардың саны 1,8 мыңға жетті.

 

sputnik

 




Көрілген: 178    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 17:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Наурыз, 17:33
    Мешітте атыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31