Шартарап

Ухандық ғалымдар жарқанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталғанын мойындады

  • Ухандық ғалымдар жарқанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталғанын мойындады

    Ухандық ғалымдар жарқанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталғанын мойындады

Ухандық институт ғалымдары үңгірде үлгі жинап жүрген кезде оларды коронавирус инфекциясы бар жарқанаттар тістеп алғанын мойындады. Бұл туралы Taiwan News басылымындағы мақалада айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басылым 2017 жылы қытайлық CCTV телеарнасы түсірген сюжетті жариялады. Видеода ғалымдар жарқанаттармен маскасыз және қолғапсыз ДДҰ-ның ережелерін өрескел бұзып жұмыс істеген. Сол кездің өзінде сүтқоректілер түрлі жұқпалы вирусты тасымалдаушы екені белгілі болған. 

Зерттеушілердің бірі оны жарқанат тістеген кезде, ол резеңке қолғапты «ине сияқты» тесіп жатқанын сезгенін айтады. Одан кейін ғалым бұған құтыруға қарсы екпе салдырғандықтан мән бермеген. 

Мемлекеттік арна сюжетінде әйгілі вирусолог Ши Чжэнлидің SARS-тың шығу тегі туралы зерттеу жұмыстарын қалай жүргізетіні туралы айтылды. Кадрлар биоқауіпсіздіктің төртінші деңгейіндегі зертханаларда да ғалымдар қажет қорғаныссыз зертхана жарқанаттармен жұмыс істеген, оларды қолғапсыз ұстаған. 

Сондай-ақ басылым China Science Exploration мақаласынан үзінділер келтіреді, онда Ши Чжэнли оның жұмысы «көптеген адам ойлағандай қауіпті емес» екенін және «адамның жарқанаттан жұқтыру ықтималдығы өте аз» екенін айтқан.

Egemen.kz.




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 14:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28