ҰҚК басшысы Парламентке екі жәшік автоматпен келген

28 қыркүйек 2022, 15:53

Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев Парламентке автоматтары бар екі жәшік әкелген. Мұндай ақпаратты Жоғарғы Кеңес депутаты Адахан Мадумаров таратқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Аdyrna.kz тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап жазды.

«Мемлекетте ғана емес, Жогорку Кенеште де күрделі жағдай қалыптасты. Соңғы рет ҰҚК басшысы Парламентке автоматтары бар екі жәшікті сүйреп апарды. Бұл – жабайылық. Біз заң шығарушы ретінде әрбір қозғалыстың заңдылығына баға беруіміз керек. Олай жасай алмасақ, онда біз өз жұмысымызды орындай алмағанымызды мойындауымыз керек», – деді қырғыз депутаты.

 

ҰҚК басшысы Парламентке неге қару алып келгені әлі белгісіз.