Шартарап

Үкімет төрағасы президентке коронавирус жұқтырып алғанын хабарлады

  • Үкімет төрағасы президентке коронавирус жұқтырып алғанын хабарлады

    Үкімет төрағасы президентке коронавирус жұқтырып алғанын хабарлады

Үкімет төрағасы өзінің бірінші орынбасары Андрей Белоусовты премьердің міндетін атқарушы қызметіне ұсынды.

Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин президент Владимир Путинге коронавируспен ауырып қалғанын, соған байланысты өзін-өзі оқшаулауға кететінін хабарлады.

"Құрметті Владимир Владимирович, жаңа ғана коронавирусқа тапсырған тесттің оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Соған байланысты және бекітілген талаптарға сәйкес, оқшаулау ережелерін сақтап, дәрігерлердің нұсқамаларын орындауға тиіспін. Бұл менің әріптестерімді қорғау үшін қажет", - деді Мишустин Путинге.

Кездесу видеоконференция режимінде өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Үкімет төрағасы өзінің бірінші орынбасары Андрей Белоусовты премьердің міндетін атқарушы қызметіне ұсынды.

"Уақытша атқарушы ретінде Андрей Рэмович Белоусовтың кандидатурасын ұсынамын", - деді премьер.

Бұл ретте Мишустин үкімет жұмысты әрі қарай жалғастыратынын, ал өзі байланысқа шығып отыратынын мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путин премьер-министр міндетін атқарушы қызметіне бірінші вице-премьер Андрей Белоусовты тағайындады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

 

 




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

жұма, 01.05.2020, 11:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30