Шартарап

Украина MH17 ұшағы апатына қатысы бар тағы бір күдіктінің ұсталғанын хабарлады

  • Алдын ала ақпарат бойынша MH17 ұшағы құлаған күні Донецкі аумағында болды делінген

    Алдын ала ақпарат бойынша MH17 ұшағы құлаған күні Донецкі аумағында болды делінген "Бук" зымыран кешені.

Украинаның қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) "Бук" зенит-зымыран кешенін тасымалдауға қатысы бар күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Алдын ала дерек бойынша, 2014 жылы малайзиялық Boeing ұшағын осы "Бук" зенит-зымыран кешенінің көмегімен атып түсіруі мүмкін. Күдіктінің ұсталғанын Украинаның қауіпсіздік қызметі бас тергеу басқармасының жетекшісі Виталия Маяковқа сілтеме жасаған "Украина жаңалықтары" агенттігі хабарлады.


Маяковтың айтуынша, ұсталған адам "Букты" сүйрейтін көлікті жеткізуге көмектескен болуі мүмкін. Тергеу орындарының болжамынша, жабдық Ресей аумағынан әкелінген. Арнайы қызмет өкілдері күдіктіні мобильді телефонына түсірген видеосы арқылы анықтаған. Ол Ресей мен Украина шекарасындағы бақылау-өткізу пунктінде 2017 жылы ұсталған. Оның соты 2020 жылы көктемде басталады.


Қазіргі кезде MH17 ұшағы апатына қатысы бар делінген шамамен 150 адамның ісі зерттеліп жатыр.


2014 жылы 17 шілдеде Украинаның Донецкі облысында малайзиялық Boeing ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған 298 адамның (193 голландиялық, 43 малайзиялық, 27 австралиялық, 4 Бельгия азаматы) бәрі қаза тапты. Нидерланды мен Малайзияда сәрсенбі, 17 шілдеде апатта қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерін еске алу шаралары өтті.


17 шілдеде Еуропа кеңесі (Еуроодақ органы) Ресей билігі ұшақ апатын мойнына алуы тиіс деп мәлімдеді. Ақпарат құралдарында жарық көрген мәлімдемеде Еуроодақ Мәскеуді апат себебін зерттеу тобымен әріптестік орнатуға шақырған. Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу өзі араласпаған зерттеулерге қатыспайды деп айтқан.


19 маусымда Нидерланды прокуратурасы малайзиялық ұшақ апатына байланысты Ресейдің үш азаматы және Украинаның бір азаматына ресми түрде айып тақты: Украина шығысында өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" әскерінің бұрынғы жетекшісі Игорь Стрелков (негізгі фамилиясы – Гиркин), оның орынбасары Сергей Дубинский (лақап аты – Хмурый), Дубинскийдің көмекшілері Олег Пулатов (Гюрза) және Леонид Харченко (Крот).


Тергеушілер осы төрт адам "Бук" зымыран кешенін Донецк аймағына жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды деп санайды. Стрелков пен Дубинский тағылған айыптарды мойындамайды.


 azattyq.org




Көрілген: 258    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.07.2019, 16:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31