Украина әлемдегі жүк таситын ең үлкен «Мрия» ұшағының жойылғанын хабарлады

28 ақпан 2022, 11:53

Украинада «Мрия» деп аталып келген әлемдегі ең үлкен Ан-225 жүк таситын ұшағының жойылғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz

«Укроборонпром» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ан-225 жүк ұшағына Киев облысындағы Гостомель аэродромында шабуыл жасалған.

Бұл жағдай ұшақ тұрған Киев маңында орналасқан Гостомельдегі «Антонов» аэродромында болған. Оны қалпына келтіруге 3 миллиард доллар мен ұзақ уақыт қажет, - деді «Укроборонпром» бас директоры Юрий Гусев.

Украина осыған байланысты Ресейге қаржылық шағымдар жасамақ, – деді ол.

Сондай-ақ, ол мұндай құнды ұшақтың неліктен қауіпсіз аймаққа көшірілмегенін түсіндіреді.

«Мрия» Гостомель әуежайында жөндеуден өтіп жатқандықтан, Украинадан ұшып үлгермеді, - деді  Гусев.

Ан-225 1984-1988 жылдары Киев механикалық зауытында бір данада жобаланып, жасалған. Алғаш рет рейске 1988 жылы 21 желтоқсанда шықты.

Ұшақ 1989 жылдан бастап толығымен пайдаланыла бастады, 150-200 тонна болатын жүк тасуға арналған.