Украина Ресейді Гаага сотына берді

27 ақпан 2022, 23:02

Украина Гаагадағы Халықаралық сотқа Украина территориясына жаңа шабуыл жасағаны үшін Ресейге қарсы арыз түсірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы президент Владимир Зеленский Twitter-де хабарлады.

"Біз Ресейдің агрессияны ақтау үшін геноцид тұжырымдамасын бұрмалағаны үшін жауапқа тартылуын талап етеміз. Соттан Ресей Федерациясына дереу соғыс қимылдарын тоқтатып, тыңдауды келесі аптаға белгілеуді сұраймыз", - деді Украина басшысы. 

adyrna.kz