Украина ұлтшылдарының жетекшісі түрмеден шығарылып, соғысқа аттанды

28 ақпан 2022, 11:51

Украина Бас прокуратурасының хабарлауынша, Украина билігі тұтқындарды – бұрынғы әскерилерді соғыс қимылдарына қатысу үшін түрмеден босатып жатыр.

Украинада «Донбасс» батальонының экс-қолбасшысы, Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Семен Семенченко тергеу изоляторынан босатылды.

Украина Бас прокуратурасының хабарлауынша, Украина билігі тұтқындарды – бұрынғы әскерилерді соғыс қимылдарына қатысу үшін түрмеден босатып жатыр.

«Мен бостандыққа шықтым. Жақын арада мен Украина қорғаныс күштерінің қатарына қосыламын» деп жазды Семенченко өзінің Facebook парақшасында.

Еске салайық, Семенченко Донбаста 2014 жылдан бері «Донбасс» батальонын басқарып келеді. Содан кейін ол Раданың депутаты болды. 2021 жылы жеке әскери компанияның құрылуына байланысты Семенченкоға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған қамауға алу үкімі тағайындалды.

Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін баса айтты.