Украинада атыс салдарынан бірнеше адам қаза тапты

24 ақпан 2022, 15:12

Украина Ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко Ресей жүргізіп жатқан операция салдарынан бірнеше адам көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Херсон облысы Чонгар және Каланчак қалаларында әскери бөлім мен Бровар әскери қалашығы оқ атылған. Әуе соққысы кезінде ғимарат өртеніп, 4 қабатты үй жартылай қираған. Алдын ала ақпарат бойынша 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған.

"Сумск облысы Конотоп ауданында автокөлікке оқ атылды, салдарынан баласы бар әйел зардап шекті. Сағат 08.36-да Одесса облысы Подольск қаласында №0173 әскери бөліміне бомба тасталды, 6 адам қаза тауып, 7 адам жараланды, 19 адам жоғалып кетті. Сағат 08.38-де Донецк облысы Мариуполь қаласында атыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 2 адам жараланды", - деп жазды Антон Геращенко Facebook-те.

Сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары елдегі жағдайға тоқталды: 

Волынь облысы Луцк қаласында жарылыстар туралы ақпарат бар;

Одесса әуежайы жанында локатор жарылды;

Запорожье әуежайының жанында жарылыс болды;

Чернигов облысы Новгород-Северский ауданы Николаевка ауылында Ресей техникасы келе жатыр; 

Львов облысы Батятичи ауылында жарылыстар естіледі;

Полтава облысы Миргород қаласында 2 зымыран жарылды; Херсон облысы (Каланчак) шекарашыларға оқ атылды;

Кировоград облысы Знаменка қаласында оқ атылды; 

Львов облысы Броды қаласындағы 2 әскери бөлімде үш жарылыс болды;

Чернигов облысы Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі әуежайында зардап шеккендер бар;

Херсон облысы Азов Геническая бекеті Ресей Федерациясының әскери техникасы Мелитопольге бара жатыр;

Винница облысы Бохоникида оқ атылды;

Хмельниц ауданы Староконстантинов қаласындағы әскери әуежайға оқ атылды;

Одесса облысы Подольск қаласына Приднестровьядан 2 ұшақ ұшып келіп, әскери бөлімге оқ жаудырды;

Житомир облысында зымыран атылды, бір ұшақ жойылды;

Винница облысы Тульчин және Теплик қалаларындағы әскери бөлімде жарылыс болып жатыр; Ивано-Франковская облысы әскери бөлімге оқ атылып жатыр;

Харьков облысындағы әскери бөлімге (зенит бөлімі) оқ атылуда;

Запорожье қаласының шетіндегі әскери бөлімде оқ атылуда;

Киев облысында (Васильковский, Борисполь, Броварский, Полесский аудандары) жарылыстар туралы ақпарат.

Львов облысы Новый Калинов ауылы жанар-жағармай базасына оқ атылып жатыр;

Киев облысы Ревное ауылындағы әскери бөлімге оқ атылып жатыр;

Херсон облысы Чонгар және Каланчак қалаларындағы әскери бөлімдерде оқ атылып жатыр.