Шартарап

Украинада «ковид амнистиясы» енгізілуі мүмкін

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Украинада жалған ковид құжатын жасайтындарға жаза күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24»

 

Заң бойынша аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық вакцинацияның жалған құжатын жасаған және оны пайдаланған тұрғынға 549 мың теңгеге дейінгі айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

 

Дей тұрғанмен денсаулық сақтау министрлігі депутаттардан Заң тармағына «ковид амнистиясын» енгізуді де сұрап отыр.

 

Ресми мәлімет бойынша Украинадағы 41 млн 342 адамның 22 проценті ғана коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын алған.

 

Соңғы статистикаға қарағанда тәулігіне 20 мың адам коронавирус жұқтырған. Бір күнде дерттен қайтыс болғандар саны сегіз жүзге жуық.

 

Билік елге ковид-паспортын енгізді, қазір бұл құжатсыз қоғамдық орындарда жүру қиын. Сондықтан вакцинацияның жалған құжатын жасайтындардың дәурені жүріп тұр.

 

– Иә қазір ПЦР-тестті де, сертификатты да сатып алу оңай. Бәрі pdf құжатында тез жасалады.

 

Заң нормасы бойынша аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық вакцинацияның жалған құжатын жасаған және оны пайдаланған адамға 17 мыңнан 34 мың гривенге дейін яғни 549 мың теңгеге дейінгі айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

 

Дей тұрғанмен, денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша жақын уақытта Заңда «ковид амнистиясы» деген тармақ пайда болуы мүмкін.

 

Игорь Клименко, Украина ұлттық полициясының басшысы:

 

– Жалған сертификат жасап, бірақ оны қолданбаған адамдар жауапкершілікке тартылмайды. Ал жалған құжат жасап және оны қолданған тұрғындар заң алдында жауап береді. Қазір амнистияға қатысты заңның жаңа тармағы әзірленіп жатыр.

 

Виктор Ляшко, Украинаның денсаулық сақтау министрі:

 

– Ковид амнистиясына қатысты ақпарат мынандай: жалған сертификатты сатып алып, пайдаланып жүргендер былай істей алады. Олар отбасы дәрігеріне келіп, жалған сертификаттарын көрсетуі керек. Оны кімнен сатып алғаны жайлы мәліметті жеткізуі маңызды. Сосын дәрігер ол адамға вакцина салады, ал жалған құжат жасағанның ісі сотта қаралады. 

 

Владимир Зеленский, екпенің екі дозасын алған ел азаматтары биліктен 1000 гривень, яғни 16 мың 153 теңге алатынын мәлімдеді.

 

Мемлекеттік бағдарлама 19 желтоқсаннан басталады. Ол үшін жыл аяғына дейін қазынадан 110 млн доллар бөлінбек.

 

 

 




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 17:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31