Украинада өткен аптадан бері 351 бейбіт тұрғын көз жұмды – БҰҰ

06 наурыз 2022, 21:17

Украинада өткен аптадан бері 351 бейбіт тұрғын көз жұмды. 707-сі жарақат алды. Бұл туралы БҰҰ-ның дайындаған есебінен белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Дегенмен, мамандар көрсеткіш бұдан әлдеқайда артық болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені кейбір өңірлерден мәлімет кешігіп жетеді.

БҰҰ-ның дерегі бойынша, Украинада бір миллион 200 мың адам жан-жаққа босып кеткен. Көбін көршілес Польша қабылдаған. Сарапшылар алдағы күндері Украинадан қоныс аударғандар саны 4 миллионға дейін жетеді деп болжайды. Себебі көп адам кескілескен ұрыс жүріп жатқан аймақтан шығып кетуге асық. Бірақ жерде тысқа шығудың өзі мұң болып тұр.