Украинада Ресей әуе-десант әскерінің генерал-майоры қаза болды - БАҚ

03 наурыз 2022, 19:26

Украинадағы ұрыс кезінде Ресей Құрлық әскерлерінің 41-қарулы әскері қолбасшысының орынбасары генерал-майор Андрей Суховецкий қаза тапты. Бұл туралы оның әріптесі Сергей Чипилев ВКонтакте-парақшасында мәлімдеді,  - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Арнайы операция кезінде досымыз генерал-майор Андрей Александрович Суховецкийдің Украина аумағында қаза болғаны туралы хабарды қайғыра қабылдадық. Андрей Александровичтің отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз", - деп жазды ол.

 

 

 

 

Бұл ақпаратты "Комсомольская правда" баспасының әскери тілшісі Александр Коц Telegram-арнасында растады. Ол"Ресей десантшылары одағының" бүкілодақтық әуе-десанттық күштерінің Киров облысындағы өкілі Сергей Чипилевтің мәліметіне сілтеме жасаған.

 

Андрей Суховецкий 1995 жылы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін 1995 жылы бітірген. Ресей Қорғаныс министрлігі сайтындағы деректерге сүйенсек, ол взвод командирінен гвардиялық десанттық-шабуылдау бөлімшесінің штаб бастығына дейін түрлі қызмет атқарған.