Украинада Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметкері қаза тапты

30 мамыр 2022, 20:24

Украинадағы соғыс кезінде Ресей Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хатшысы, полковник Владимир Иванов қаза тапқан. Бұл туралы qamshy.kz тілшісі Ресейдің мәліметтер базасын негізге алған Медиазона басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Ең бірінші оның өлімі жөнінде журналист Евгений Поддубный жазып, 9 мамырда "Ажалсыздар полкінің" акциясына Ивановтың портретін ұстап шыққан.

 

Ақпкраттарда 41 жастағы Владимир Иванов 25 наурызда қаза тапқаны айтылады. Оның қайтыс болғаны ресми түрде 5 күннен кейін, 2022 жылдың 30 наурызында расталған. Мұрагерлік істі рәсімдеген нотариус өлген полковниктің тұрғылықты мекен-жайы ретінде қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі бас ғимаратын көрсеткен.

 

Ресей қорғаныс министрлігі баспасөз қызметкерінің қаза тапқанын, қандай оқиға кезінде оққа ұшқанын ресми түрде хабарлаған жоқ.

 

"Медиазона" мен Би-би-си мәліметтеріне сүйенсек, ашық дереккөздер арқылы Ресей әскерінің Украинада 2500-ден астам жауынгері, әскери шені подполковниктен жоғары 60-қа жуық офицері қаза тапқан. Ал Ресей қорғаныс министрлігі наурыз айының соңында Украинада 1300 жауынгері өлгенін мойындаған, одан кейін өлгендер туралы ақпарат берген емес.