Шартарап

Украинада ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды

  • Украинада ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды

    Украинада ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды

25 қыркүйекте кешке Украинаның Харьков облысында украин қарулы күштерінің Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Ұшақ әскери дайындық бөлімінің аэродромы орналасқан Чугуев қаласының маңына қонған кезде құлаған. Бортта экипаждан басқа, Украинаның қарулы күштері Харьков АӘК курсанттары болған.

 Ұшақ апаты салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 25 адам қайтыс болды.

"Осы минутта 25 адам қаза тапты, ауыр жарақат алған 2 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, қалғандарын іздеу жалғасуда", - деп хабарлады Украинаның бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

"Апаттар мен ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу ережелерін бұзу және оларға дайындық туралы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 28 адам болған, оның ішінде жеті офицер және 21 курсант. 25 адам қайтыс болды, екеуі тірі қалды, біреуі ауыр жағдайда. Қазіргі уақытта төртеуінің тағдыры белгісіз", - деп жазды Telegram-да облыстық мемлекеттік әкімшіліктің жетекшісі Алексей Кучер.

Еске салсақ, осыған дейін бір сағат бойы әуеде Алматыға қона алмай жүрген ұшақ жайлы Air Astana жауап берген болатын.

Stan.kz




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

сенбі, 26.09.2020, 09:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31