Украинадағы ахуал: 137 әскери құрбан болды

25 ақпан 2022, 08:46

Украина тарапынан 137 сарбаз бен офицер құрбан болды. Тағы 316 әскери жарақат алған. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский бейнежолдауында мәлімдеді.

 

Сондай-ақ ол Қара теңіздегі Змеиный аралын қорғау жолында барлық жауынгердің ерлікпен қаза тапқанын және Отан үшін опат болғандарға «Украина Батыры» атағы берілетінін хабарлады.

 

Ал премьер-министр Денис Шмыгаль Чернобыль аймағының Ресей әскерінің бақылауына көшкенін мәлімдеді.

 

Денис Шмыгаль, Украина премьер-министр:

 

– Өкінішке қарай, Чернобыль аумағы мен атом электр станциясының барлық нысандары Ресей әскерінің бақылауына алынды.

 

Аймақ басшылығының мәліметі бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

РЕСЕЙ ТАРАПЫНАН ҚҰРБАНДАР ТУРАЛЫ РЕСМИ АҚПАРАТ ЖОҚ

 

Ресей әскерінің тарапынан құрбандар болғандар туралы соңғы ресми ақпарат әзірге жария етілген жоқ.

 

Осының алдында «Украина 24» телеарнасы елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап, Ресейдің 50 сарбазы қаза тапты, 6 ұшақ атып түсірілді және 4 танкі талқандалды деп хабарланды.

 

Игорь Конашенков, РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

 

– Арнайы әскери операция жалғасуда. Осы сәтке дейін Ресейдің Қарулы күштерінің алдына қойылған барлық тапсырмалар сәтті орындалды. Украинаның 83 әскери нысаны істен шығарылды, 2 Су27, 2 Су-24 қшақтары, бір тікұшақ және 4 «Байрақтар» өздігінен ұшу аппараты жойылды.

 

 

 

24.kz