Шартарап

«Украинаға қараңдар…»: Павлодардағы тіл жанашырларына Кремль жансыздары ескерту жасады

  • «Украинаға қараңдар…»: Павлодардағы тіл жанашырларына Кремль жансыздары ескерту жасады

    «Украинаға қараңдар…»: Павлодардағы тіл жанашырларына Кремль жансыздары ескерту жасады

Қазанның 18 күні Павлодар қаласында қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында мемлекеттік тілдің жанашыры Руза Бейсенбайтегінің бастамасымен бір топ белсенділер рұқсат етілген митингке шықты деп хабарлайды Dalanews.kz.

Митингке шыққан азаматтар Павлодар қаласындағы қазақтілді бұқараның жұмысқа тұру, қызмет алу барысында дискриминацияға ұшырап жүргенін айтқан. Мінберде сөйлеген азаматтар қазақ тілін сақтауды, дамытуды әркім өзінен, өз отбасынан бастау керек екенін тілге тиек еткен.

Жиналған жұрт &ndash орыс тілін ресми тіл статусынан айыру туралы төте талап қойған.

&ldquoҚазақстан Республикасының Ата Заңындағы &ldquoорыс тілі мемлекеттік мекемелерде қазақ тілімен бірге қолданылады&rdquo деген тармақ мемтілдің өрісін тарылтып отыр&rdquo, &ndash деген еді тіл жанашырлары.

Павлодардағы Тіл митингі Кремльдің назарына іліксе керек. Орыс тілін ресми статустан айырып, Ата заңнан алып тастау туралы талап Ресейдегі КСРО-ны қайта құрудың көксейтіндердің құлағына түрпидей тиіпті. 

Соның бірі большевик Захар Прилепин басқаратын &ldquoЗа Правду&rdquo партиясы. Саяси ұйым белсенділері Қазақстан билігіне үн қатып, елдегі орыстілді аудиторияның ар-намысын табанға таптамауды талап етіпті. Олардың құқын қорғап, орыс тілін конститутциялық статустан айырмауды сұрапты.

&ldquoПавлодар өлкесінде орыстардың үлесі көп. Мұны ресми деректер де растайды. Өңір тұрғындарының 35 пайызы орыс. Оны айтасыз, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстіктегі орыстың үлесі 50 пайыздан асып жығылады. Тұтастай алғанда Қазақстан халқының 20 пайызын орыс аудиториясы құрайды&rdquo, &ndash дейді партия белсенділері.

Павлодардағы Тіл митингіне Батыстың сұғанақ саясаты себепкер болғанына сенімді. Мұндағы Батыстың ойы Қазақстан мен Ресейдің арасын ажырату, Еуразиялық одақтың іргесін сөгілтіп, күллі Орта Азияны Кремльден жырып алу.

&ldquoПавлодардағы митингтің мақсаты айқын &ndash Қазақстандағы тұрақтылықты шайқау. Осы елде алаңсыз күн кешіп жатқан ұлттарды араздастырып, соңын жанжалға айналдыруды көздейді. Ертең ел ішінде опай-топай орнап, айрандай ұйыған бірліктен береке кетсе, оның себебін қазақ тілінің тағдырын алға тартып, алаңға шыққан бір шоғыр азаматтан көріңіз.

Қазақ тіліне араша түсем деп, орыс тілін ресми статустан айыруға болмайды. Орыс тілі осы мәртебеден айырылды екен, ертесіне-ақ Қазақстандағы саяси ахуал күрт өзгереді, ұлтаралық ынтымақтың ізі де қалмайды. Мысалды алыстан іздеудің қажеті шамалы, іргедегі Украинаға қараңыздар&rdquo, &ndash делінген партия мәлімдемесінде. 

Айта кетелік Захар Прилепин басқаратын &ldquoЗа Правду&rdquo партиясын ресейлік кәсіпкер Александр Бабаков қаржыландырады. Бабаков Путиннің алыс-жақын шетелдегі славян ұйымдарымен байланыс орнату бойынша арнайы өкілі.

&hellip

«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, әр салада қолдануын талап ету, және қазақтілді тұтынушылардың дискриминациясын тоқтату»  атты Павлодардағы митингіде 10 тармақтан тұратын келесідей қарар қабылданған.

1. Конституцияның 7 бабы 2 тармағын алып тастау, себебі Ата Заңымызда 7-ші баптың 2-ші тармағында «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тілде қазақ тілімен тең қолданады» деп жазылғаны еліміздегі қалған 128 ұлттың тілдерін менсінбеу және кемсіту деп бағаланады. Нақ қазір мүмкіндік болмаса, 2 тармағына, жалғыз орыс тілі ҚР территориясында қолданылмайды деп нақтылайтын өзгеріс еңгізу.

2. ҚР Үкіметіне, ҚР Парламентіне мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау;

3. Мемлекеттік тілді білмейтін, аудармашысыз жұмыс атқара алмайтын қызметкерлерді мемқызметке алуға тиым салу.

4. ҚР Тіл туралы заңындағы мемлекеттік тілді меңгеру ҚР әрбір азаматының парызы деген 4-бапты мемлекеттік тілді меңгеру ҚР әрбір азаматының міндеті деп ауыстыру;

5. Мемлекеттік тапсырыс, сатып алу арқылы қызмет көрсетушілердің тендерлерінің техспецификациясына, лицензия, және басқа да рұқсатнама құжаттарына: «қандай да болмасын қызмет міндетті түрде мемтілде бірінші кезекте болуы керек» деген нұсқау жазылуын қамтамасыз ету

6. Отандық телеарналарды әртүрлі жастағы балаларға арналған сапалы, мазмұнды, кішкентайларға арналған қызықты қазақтілді контентпен қамтамасыз ету;

7. Апта сайын телеарналарда «Мемлекеттік тілді білу ҚР территориясындағы әр азаматтының парызы», «Орыстілділердің қандай құқы бар қызмет орыс тілінде қызмет тұтынуға, дәл сондай, және бірінші кезекте қазақтілдірерде де бар» деген насихат жүргізу.

8. Бірінші меморгандардың, және солар арқылы ҚР еш субъектілерінің қандай да болмасын тек орыс тілінде құжат, бланкі, ақпарат т.т. беруін доғару.

9. Әр тілдік дискриминация фактілері бойынша, конституцияға сәйкес, ӘК бойынша шара қолдануды міндеттеу. Бұл функцияны прокуратурамен қатар Тіл басқармаларына және полицияға беру нормасын қарастыру.

10. Қазақтілділердің құқығы өрескел бұзылуы тиылмайдығынан Мемлекеттік тіл Альянсын құруды ұсынамыз. Оның қатарына БАҚ-нан журналистер, Қоғамдық ұйымдар, Тіл комитеті, мемлекеттік қызмет істер агентігінің өкілдері кіреді. Осы Альянс барлық заң бұзушылықты жүйелі түрде заң аясында сот арқылы шешу міндетін атқарады.

Қарарды тапсырушы, Р.Бейсенбай. 




Көрілген: 2907    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 15:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30