Украиналық босқындар саны 5,5 миллионнан асты

03 мамыр 2022, 10:13

Украинадан бас сауғалап қашқан босқындар саны 5,5 миллионнан асты. Кейінгі 2 күннің ішінде 70 мыңнан аса украиналық көрші елдерге өткен. 
 
 
Бұл туралы Бұұ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссар басқармасы хабарлады.

Мигранттардың 3 миллионнан астамы Польшаға, Румынияға 825 мыңы, Венгрияға жарты миллионы, 656 мыңы Ресейге барған. 

Украина тұрғындары 24 ақпанда Ресей әскері ел аумағына басып кіргеннен кейін жаппай шетелге қаша бастады.


BAQ.KZ