Украиналық жауынгер сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

08 наурыз 2022, 19:05

Блок-бекетте тексеріс үшін тоқтатылған көліктегі ару өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі дәл осындай жағдайда болатыны жайлы еш ойламаса керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Әскери қақтығыс болып жатқан Украинада оқ пен оттың арасында жүрген сарбаздардың бірі өз сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасапты. Бұл сәт бейнеленген видео әлеуметтік желіде таралып жатыр.

 

Бейнежазбада мұздай қаруланған әскерилер қара түсті автокөлікті қоршап алыпты. Адамдарды сыртқа шығарып, тік тұрғызып қойып тінтіп жатыр. 3 әйел мен жүргізушіні сұрақтың астына алып, тергеуде. Шамалыдан соң сарбаздардың бірі тізерлеп отыра кетіп, бойжеткенге сөз салған. Абдырап қалған ол көзіне еріксіз жас алып, жігітті құшақтай кетеді. Айналада тұрған әскерилер екі жасты құттықтап, "Горько!" деп айқайлайды.

 

Айта кетейік, Украина жерінде ақпан айының аяғында басталған әскери қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Ресей мен Украина өкілдері бірнеше мәрте келіссөз жүргізгенімен, ортақ мәлімеге келе алмады. ЭК алдағы уақытта қос тарап арасындағы қақтығыс үш сценарий бойынша өрбуі мүмкін екенін жазған болатын.

 

<iframe src="https://aitube.kz/embed/?id=ef9dbe26-0d2b-4a1f-af4e-0de9809d09e2&amp;fpc=a0040990-e43b-4748-b16a-06449fc00a6a" class="aitube-embed" width="500" height="315" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>