Украинаның экс-президенті елін қорғап, қару асынды

26 ақпан 2022, 16:18

CNN агенттігіне берген сұхбатында ол украиналықтардың өз елін қорғауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Украинаның Қарулы күштері қауіпсіздігін күзеткен Петр Порошенко Киев көшелерінде қару асынып жүр.

 

Путиннің Украинаға ғана емес, бүкіл әлемге соғыс жариялағанын барлығы түсінуі қажет, — деді Петр Порошенко.

 

Сондай-ақ, ол өз батальонының шайқас болып жатқан жерден 2-3 шақырым қашықтықта орналасқанын атап өтті.