Украиндықтарға Zoom арқылы бір күнде некесін тіркетуге рұқсат етілді

17 сәуір 2022, 18:38

Украинаның Әділет министрінің орынбасары Валерия Коломиец әскери жағдай кезінде ел тұрғындарына қашықтықтан, соның ішінде Zoom арқылы да некеге тұруға рұқсат етілетінін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ТАСС хабарлағандай, қазір бір күн ішінде өтініш беріп, қарым-қатынасты ресми түрде рәсімдеуге болады.

 

Коломиецтың айтуынша, некені ұрыс іс-қимылдары жүріп жатпаған аумақтағы кез келген АХАЖ органында тіркеуге болады.

 

Белгілі бір жағдайларда некені тек АХАЖ қызметкерлері ғана емес, полиция мен әскери қызметкерлер де тіркей алады. Бұл мәселе ғашығы майданда жүргендер үшін өте өзекті, оларды Zoom арқылы қашықтықтан қосуға болады", – деді Коломиец.

 

24 ақпанда Украинаның бүкіл аумағында соғыс жағдайы енгізілді. 15 наурызда Рада бұл режимді 26 наурыздан тағы 30 күнге ұзартты.