Шартарап

Ұлыбритания билігі вакцина алғандарға бірнеше елге саяхаттауға рұқсат етуді жоспарлап отыр

  • Ұлыбритания билігі вакцина алғандарға бірнеше елге саяхаттауға рұқсат етуді жоспарлап отыр

    Ұлыбритания билігі вакцина алғандарға бірнеше елге саяхаттауға рұқсат етуді жоспарлап отыр

Ұлыбритания билігі коронавирусқа қарсы екпе салдырған тұрғындардың әлем бірнеше еліне саяхаттауына рұқсат беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок мәлімдеді.

 
Бұл азаматтарға Франция, Италия, Испания, Португалия, Греция және АҚШ сияқты мемлекеттерге баруға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, Үкімет вакцинация арқылы әлемнің кез келген елінде еркін жүру мүмкіндігін қалпына келтіруге септігін тигізетін жоспарларды іске асырмақ.

«Бұл шаралар клиникалық тұрғыдан әлі ұсынылған жоқ. Біз қазір осы мәселелерді шешіп жатырмыз. Вакцинациялау бағдарламасының мақсаты да сол. Міне, сондықтан әрбір ересек адамның шығып, екпені алуы өте маңызды», - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ саяхатшыларға үйіне оралған соң оқшауланудың қажеті болмайды.

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі балалары карантин талаптарын бұзғаны үшін ата-аналарға 5000 шекел (шамамен 660 мың теңге) айыппұл салу санкциясын енгізді. Тиісті бұйрыққа Денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры профессор Хези Леви 23 маусымда қол қойды.

Бұл шара Сovid-19 инфекциясын жұқтыру оқиғалары санының артуына байланысты қолға алынып отыр. Инфекцияны жұқтырудың жаңа эпизодтары елдің әртүрлі аймақтарында тіркелуде.

Енді, егер карантинге жатқызылған бала шектеу шараларын бұзған жағдайда, баламен бірге тұратын ересек адамға 5000 шекел айыппұл салынуы мүмкін.

Колумбияға Janssen вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Ел президенті Иван Дуке өзінің Twitter желісінде Колумбияға Janssen компаниясы шығарған екпенің алғашқы 480 мың дозасының жеткізілгендігін хабарлады.

Оның айтуынша, вакцинаның бұл партиясы елдің шалғай аудандарындағы тұрғындарды екпемен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Колумбияда коронавирус жұқтырғандардың саны шамамен 4 миллион адамды құрайды.




Көрілген: 547    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 16:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31