Шартарап

Ұлыбритания үшінші рет ұлттық локдаун енгізбек

  • Ұлыбритания үшінші рет ұлттық локдаун енгізбек

    Ұлыбритания үшінші рет ұлттық локдаун енгізбек

"Вирустың жаңа түрі қорқынышты жылдамдықпен таралуда. Үшінші ұлттық локдаун қажет екені анық" -, деді Ұлыбритания премьер-министрі халыққа жасаған үндеуінде. 

 
Мұндай қатаң шаралар елдегі эпидемиялық жағдайдың тез нашарлауына және ауруханалардың толып кету қаупіне байланысты. 

"Егер шектеулер орнатылмаса, Денсаулық сақтау жүйесі 21 күн ішінде шамадан тыс жүктелуі мүмкін", - деп қосты Джонсон. 

Карантин кем дегенде ақпан айының ортасына дейін созылады. 

Айта кетейік, локдаун кезінде ағылшын мектеп оқушыларының көпшілігі сейсенбіден бастап қашықтан оқитын болады. Пабтар, кафелер және бірқатар азық-түлік емес дүкендер жабылады. 

Азаматтарға үйден тек &mdash дүкенге, дәріханаға, дәрігерге бару немесе қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік болмаса, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның ортасында Ұлыбританияда коронавирустың мутацияланған түрі табылды. Штамм жоғары жылдамдықпен таралады және әдеттегіден 70% жұқпалы болуы мүмкін. 

Алайда жаңа штаммның өлім-жітім тұрғысынан қауіпті екендігі туралы дәлел жоқ. Әлемнің 20-дан астам елі инфекцияның осы түрінің таралуы туралы ақпарат пайда болғаннан кейін Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты.




Көрілген: 295    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28