Шартарап

ҰЛЫБРИТАНИЯДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН "НӨЛІНШІ" НАУҚАС АНЫҚТАЛДЫ

  • http://www.turkystan.kz/

    http://www.turkystan.kz/

Брэдфорд Корольдік ауруханасының эпидемиологы Джон Райт BBC-дің Орыс қызметі сайтындағы өз блогында Ұлыбританияда коронавирус жұқтырудың «нөлінші» жағдайы қаңтарда – елде індеттің пайда болуы ресми түрде расталғаннан екі ай бұрын тіркелуі мүмкін екенін айтты.

 

Дәрігердің айтуынша, оған Брэдфорд тұрғыны, екі хорда ән айтатын Джейн Холл жүгінген. Әйел қаңтар айында өзі қызмет ететін екі ұжымда да COVID-19-дың симптомдарына ұқсас белгілермен ауыратын адамдар болғанын айтқан.

 

Алғашқы болып желтоқсанда Ухань қаласына іссапарға барып келген ер адам ауырған. Одан кейін хордың өзге мүшелері сырқаттаныпты.

 

Джейн Холлдың айтуынша, оның қызуы қатты көтеріліп, тамағы «сынған әйнек жұтып қойғандай» ауырған. Сондай-ақ, әлсіздік, иіс сезу қабілетінің жойылуы сияқты белгілер болған көрінеді.

 

Дәл осындай симптомдар музыкалық ұжымдардың өзге мүшелерінде де байқалыпты. Алайда ол кезде коронавирус туралы мардымды дерек болмағандықтан, олардың ешбірі қатерлі вирус жұқтырдым деп ойламаған.

 

Эпидемиологтың айтуынша, хор мүшелері мүлдем басқа вирустық инфекцияға шалдығуы да мүмкін. Коронавируспен ауырып қойған науқастарды анықтайтын тест жасалғанда Холл мен оның әріптестері қандай кеселмен ауырғанын білуге болады дейді дәрігер.

 

Соңғы дерек бойынша, Ұлыбританияда 215 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Науқастардың 31 мыңнан астамы көз жұмған.Барлық құқықтар сақталған.

 

turkystan.kz




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 01:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30