Шартарап

Ұлыбританиядан келген Ресей азаматынан коронавирустың «британдық» штаммы анықталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ұлыбританиядан оралған ресейлік азаматтан коронавирустың «британдық» штаммы анықталды. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Анна Попова «Россия-1» телеарнасының эфирінде мәлім етт, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

 

«Бір адамда коронавирустың жаңа штаммы анықталды», - деді ол Ұлыбританиядан оралған РФ азаматтарын тексеру нәтижелеріне пікір білдіре отырып.

 

Оның айтуынша, коронавирустың «британдық» штаммы Ресейде алғаш рет былтырғы жылдың соңында тіркелген, ол адам қазір қауіпті емес.

 

«Біз былтырғы жылдың соңында қазіргі уақытта үрей тудырып отырған Ұлыбританиядағы сол штамның нұсқасы елімізде бар екенін анықтадық, тек бір адамда. Оның жағдайы жақсы болатын және қазір де жақсы. Азаматта аурудың еш белгісі болған жоқ. Ол қазіргі уақытта вирусты таратпайды», - деді ол.

 

Попова атап өткендей, вирус бұрынғыдан қауіптірек бола түскен жоқ. Алайда оның жұқпалылығы артқан.

 

Еске сала кетсек, өткен жылдың қарашасынан бастап екі ел арасындағы әуе қатынасы тоқтағанға дейін Ресейге Ұлыбританиядан 7 мыңнан аса адам ұшып келген. Оның 32-сінен коронавирус анықталды.

 

14 желтоқсанда Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мэтт Хэнкок британдық ғалымдар коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрін анықтағанын және ол Англияның оңтүстік-шығысындағы аурудың тез таралуына қатысы бар болуы мүмкін екенін хабарлады.

 

 Оның айтуынша, алдын ала талдау вирустың бұл түрі белгілі штамдардан да тез тарайтынын көрсеткен.

 

 




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31