Шартарап

Үндістан бір күнде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

  • Үндістан бір күнде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

    Үндістан бір күнде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

Үндістанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының анықталған жағдайларының саны 314 835-ке артып, 15 930 965-ке жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Үндістанда бір тәулікте тіркелген ауырғандар саны әлемдегі пандемия тарихындағы ең үлкені болды. Reuters ақпарат агенттігі хабарлағандай, бұрын мұндай жағдайлардың саны бір күнде ресми түрде еш жерде тіркелмеген. 15 сәуірден бастап Үндістанда 200 мыңнан астам жаңа вирус жұқтырғандар тіркеледі. Елде коронавирус инфекциясының екінші толқыны әлі шыңына жеткен жоқ және сарапшылар аурудың қашан төмендейтіні жайлы болжам жасауға дайын емес. Делидің өкпе аурулары бойынша маманы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтқанындай, келесі аптада елдегі науқастардың бір күндік саны жарты миллионнан асуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Күніне ең көп вирус жұқтырғандар Махараштра штатында (67,468), Уттар-Прадеш штатында (33,106), Делидің Ұлттық астаналық округінде (24,638), Карнатака штатында (23,558) және Керала штатында (22,414) тіркелді. Махараштра штаты коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітімнің ең көп саны туралы хабарлады – 568. Үндістан 28 штатқа және 8 одақтас аумаққа бөлінеді (Дели одақтас аумақ мәртебесіне ие). Үндістанда бір күндегі емделгендер саны 178 841-ге артып, 13 454 880-ге жетті. 2 291 428 пациент емделуде, бұл алдыңғы күндермен салыстырғанда 133 890-ға көп. Соңғы 24 сағат ішінде Үндістанда 2 211 334 адам коронавируст инфекциясына қарсы екпе жасады, вакциналанған азаматтардың жалпы саны 132 330 644 құрады.
ҚазАқпарат




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.04.2021, 22:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30