Шартарап

Үндістанда 70 жастағы зейнеткер тұңғышын босанды

  • Үндістанда 70 жастағы зейнеткер тұңғышын босанды

    Үндістанда 70 жастағы зейнеткер тұңғышын босанды

Үндістанның Гуджарат штатында 70 жастағы әйел алғашқы перзентін дүниеге әкелді, – деп хабарлайды anyqtimes.kz.

Дживунбен Рабари мен оның 75 жастағы күйеуі Малдхаридің отасқанына 45 жыл болған. Олар осы уақытқа дейін қанша талпынса да балалы бола алмаған. Дегенмен мамандардың көмегіне жүгінген ерлі-зайыптылар жасанды ұрықтандыру әдісі арқылы сәби сүю бақытына бөленген.

Әйелге ем-дом жасаған дәрігер Нареш Бханушалидің айтуынша, аурухана қызметкерлері зейнеткер мен оның күйеуіне мұндай жаста балалы болуға болмайтынын түсіндірген. Алайда олар өз дегенінен қайтпапты. «Олар дәл осындай қадамға барған туыстарының көп екенін айтты. Бұл менің есімде қалған сирек жайттардың бірі», – дейді Нареш Бханушали.

Жаңа босанған әйелдің нақты қанша жаста екені белгісіз, өйткені Дживунбен Рабаридің жасын растайтын ресми құжаттар жарияланбаған. Алайда үндістандық БАҚ-тың хабарлауынша, әжей 70 жаста.

sn.kz




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 17:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31