Шартарап

Үндістанда "Ислам мемлекеті" қатарына қосылған жастарды кешіруді ұсынып отыр

  • "Ислам мемлекеті" содырлары. ©AFP

 Үндістанның құқық қорғау органдары "Ислам мемлекеті" тобына қосылған жастар отанына оралған жағдайда оларды тұтқындамауды ұсынып отыр, - деп хабарлайды The Times of India. Сондай-ақ бұл елдің Ішкі істер министрлігі содрлар қатарына қосылған жастар отанына оралатын болса кешірім беруді қарастыруда.

Мұндай қадамға баруды құқық қорғау органдары - "Ислам мемлекеті" тобына қосылаған жастар үйіне қайту туралы ойынан айнып қалмасын деп, қамауға алынады деп қорықпас үшін, олардың ата-анасы полицияға хабарламасын деп түсіндіріп отыр. "Егер бұл жағдайды заң тұрғысында қарайтын болсақ, онда бұл жастар Үндістанда заңға қайшы әрекет жасаған жоқ. Оларға отанына қайтуға мүмкіндік беріп, олардың бақылауға алып, кешірім берсек ақылға қонымды болмайды ма? Мүмкін, олар үшін де бұл тиімді шешім шығар. Дегенмен, бұл сауал әлі де қарастырылып жатыр", - дейді ІІМ-нің лауазымды шенеунігі.

Айта кетейік, басшылардың мәліметі бойынша, Ирактағы "Ислам мемлекеті" содырларынан қатарында 20-ға жуық Үндістан азаматы соғысып жатыр. Содырлардың қатарындағы Ариф Маджид есімді азаматтың туысқандары жуырда елдің ІІМ басшысы Раджнат Сингхпен кездесіп, одан жастар арасында радикализация процессін жүргізіп жатқан адамдарды жазалауын сұраған. Министр болса БАҚ өкілдері қауіпті екі есе көбейтіп жеткізетінін айтқан. Оның айтуына қарағанда, Үндістандағы мұсылмандардың басым көпшілігі "Ислам мемлекеті" тобын қолдамай, бұл жасаққа қосылмайды екен.




Көрілген: 1319    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.10.2014, 14:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30