Үндістанда омикрон XE коронавирусының жаңа түрі тіркелді

07 сәуір 2022, 09:58

Үндістанның қаржылық астанасы Мумбай қаласында бүгін XE коронавирусының «омикрон» штамының кіші түрін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Омикрон штамына қарағанда жұқпалы деп есептелетін бұл жаңа нұсқа алғаш рет Ұлыбританияда табылды.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жаңа мутация коронавирустың «омикрон» штамының BA.2 қосалқы түріне қарағанда жұқпалылығы шамамен 10 пайызға жоғары.

 

Осы уақытқа дейін коронавирус штамының омикрон BA.2 түрі COVID-19-дың барлық нұсқаларының ішіндегі ең жұқпалысы болып саналып келген.