Шартарап

Үш баланың әкесін гей болғаны үшін қорлаған (Видео)

  • © centralasian.org

    © centralasian.org

 Өзбекстанның Самарқанд облысы Самарқанд ауданында тұратын үш баланың әкесін 14 сәуірде белгісіз біреулер аяусыз ұрып, шешіндіріп видеоға түсірген.


32 жастағы самарқандықтың айтуынша, екі ай бұрын ол әлеуметтік желі арқылы жас жігітпен танысқан, ол гей екенін айтып, 14 сәуірде кешке кездесуге шақырған.


Кейін ол бұл кездесуді гомофоб топ ұйымдастырғанын түсінген. "Біз "Одноклассникиде" екі ай сөйлестік. Ол мені жақсы көретінін, менің қызға ұқсайтынымды айтты. Ол кешке кездесіп, ішіп-деп, көңіл көтеруге шақырды. Мен оған сеніп қалдым..."


"Белгіленген орынға келген уақытта мені төрт жігіт машинаға күшпен отырғызып, Даргам каналына алып барды, сол жерде өлтіреміз деп қорқытты", - деді ол.


"Олар мені шешіндіріп, видеоға түсірді. Олар мені ұрды, жыныс мүшемнен тепті, ішіме пышақ кезеді. Олар менің аяқ-қолымды байлағысы келді, сол кезде мен сытылып шығып, каналға секірдім. Суда бір сағаттай отырдым. Сосын сол жерге қайтып бардым. Олар киімдерімді қалдырып, сөмкемді алып кетіпті. Оның ішінде төлқұжатым, ақшам болған", - деді ол.


Келесі күні ол милицияға хабарласқысы келген, бірақ оның гей екені барлығына жария бола ма деп қорыққан. "Мен милицияға, прокуратураға шағымдана аламын. Бірақ бізде ЛГБТ өкілдерін сынайды. Мен мәдениет саласында өнер көрсетемін, ауданда беделім бар. Гей екенімді әйелім мен балаларым біліп қоя ма деп қорқам. Мені ұрған адамдар түсіріп алған видеоны жариялай ма деп те қауіптенемін", - деді ол. Елінде азап көрген жігіт гейлердің құқығы құрметтелетін елге көшкісі келеді.





www.centralasian.org




Көрілген: 1061    Пікірлер: 0

сенбі, 20.04.2019, 13:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31