Шартарап

Үш оқушы қыздың жүкті болып қалуына байланысты жаппай тексеру басталды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Самарқанның Тайлақ ауданында бірден үш мектеп оқушысы жүкті болып қалған, алайда аудандық білім бөлімі бұл мәліметті қоғамнан жасырып қалуға тырысқан. Бұл туралы "Озодликке" Самарқандағы денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің бірі хабарлаған.

Дәрігердің сөзінше, бір уақытта үш мектеп оқушысы жүкті болып қалғандықтан оқушыларды УДЗ-бен тексеруге жібере бастаған.

"Бұл Тайлақ ауданында мектеп оқушыларының жүкті болуы жиілеп кеткендіктен басталды. Жақында кәмелет жасқа толмаған үш қыздың аяғы ауыр болып қалғаны белгілі болды. Сондықтан жергілікті билік шұғыл түрде мектеп оқушыларын УЗИ арқылы тексеруге тапсырма берген", - дейді дәрігер.

"Озодлик" мәліметінше, бұл ақпаратты мектеп мұғалімі де растаған.

"Осы жағдайға байланысты біздің мектепте шұғыл жиналыс өтті. Мектеп оқушыларының арасында аяғы ауыр бірнеше қыз анықталған. Енді солардың бірін тұрмысқа бермек. Қалғаны белгісіз", - дейді мұғалім.

Бұл ақпаратты Тайлақ аудандық әкімшілігінің өкілі де растаған. Айтуынша, жүкті болып қалған 17-17,5 жас аралығындағы қыздар екен.

"Өзбекстанда былтыр бірінші қыркүйектен бастап қыздарға 18 жастан бастап тұрмысқа шығуға рұқсат етілді. Сондықтан ол қыздар жақында тұрмысқа шығады. Қыздар мұндай қадамға өз еріктерімен барған, оларды ешкім қинамаған. Ал осы жағдайға байланысты қалған қыздарды да тексеріске жіберіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Олар біз жарты жыл сайын өткізетін медициналық тексерістен өтіп жатыр. Қазір 7, 8 9-сынып оқушылары УЗИ-ден өтіп жатыр", - дейді жергілікті шенеунік.

Тengrinews.kz

 




Көрілген: 2087    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 10:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30