Шартарап

Ұшақта жарақат алған бала компаниядан 33,6 миллион теңге талап етті

  • Фото: pixabay.com

    Фото: pixabay.com

Ирландиядан Түркияға бағыт алған ұшақта бортсерік байқаусызда жасөспірімді жарақаттап алады. Содан кейін зардап шеккен бала әуекомпаниядан 56 мың фунт стерлинг (33,6 миллион теңгеден аса) талап еткен. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

 

2017 жылдың 22 шілдесінде (сол кезде бала 13 жаста болған) Эмре Каракая анасымен бірге Дублиннен Ыстамбулға Turkish Airlines рейсімен ұшқан. Бортсерік сусын таратып жүргенде абайсызда баланың оң жамбасына ыстық шай құйып алады.

 

Оқиғадан кейін отбасы пластикалық хирургқа жүгінген. Жарасы үш аптадан кейін жазылған. Алайда оның орны қалып қояды. Кейін баланың анасы әуекомпанияны сотқа беріп, ақшалай өтемақы талап еткен.

 

Дүйсенбіде, 2021 жылдың 19 сәуірінде сот әуекомпанияға қатысты 56 мың фунт стерлинг (33,6 миллион теңгеден аса) өтемақы төлеу туралы үкім шығарды.




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 14:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30