Шартарап

Үшем орнына егіз босанды: "жоғалған" нәрестеге байланысты тексеріс аяқталды

  • © Sputnik / Зульфия Тургунова

    © Sputnik / Зульфия Тургунова

Ош қаласында "жоғалған" нәрестеге қатысты тексеріс аяқталды. Оқиғаны Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған комиссия зерттеді. Олар тексеріс кезінде диагностикалық қате кетті деген шешім шығарған.


Еске сала кетсек, 24 жастағы Гүлзина Әбдімәжитова Ош облыстық перзентханасында егіз баланы аман-есен дүниеге әкелген болатын. Алайда екіқабат кезінде ультрадыбыстық зерттеу оның үшем туатынын көрсеткен. Гүлзинаның 26 жастағы күйеуі Ынтымақ Базарбай Ош облыстық прокуратурасына дәрігерлердің үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Раиса Асылбашеваға сілтеме жасап.


"Жоғалған" нәресте қайда?


Раиса Асылбашеваның айтуынша, ультрадыбыстық зерттеу қорытындысы тексерілген. Оның нәтижесі құрсақта егіз бала болғанын көрсеткен.


"Ультрадыбыстық толқындардың әсерінен үшінші бала "елес ұрық" болып көрінген. Жүктіліктің 13-ші аптасында ультрадыбыстық зерттеу үшем болатынын көрсеткен. Алайда УДЗ суреті жоқ. 4 ақпан күні жүктіліктің 28-ші аптасында УДЗ кезінде егіз көрсетті. Яғни заманауи құрылғылар үшем болатынын көрсеткен жоқ. Қазір осы аппараттарды тексеру және дәрігерлерді қайта аттестациядан өткізу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Асылбашева.


Оның айтуынша, бұған дейін де ультрадыбыстық зерттеу кезінде егіз көрсетіп, бір бала ғана дүниеге келген кездер болған.


Гүлзина Әбдімәжитова тексеріс нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. Оның анасы Жанаркүл Жүсіпова ультрадыбыстық зерттеу кезінде үшінші нәрестені өз көзімен көргенін айтады. Ол жиенін іздеуді тоқтатпақ емес.


Sputnik


 




Көрілген: 1315    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 18:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31