Шартарап

Үй ауласынан қоларба ұрлаған жасөспірімдер жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Краснодар өңірінің Белореченск қаласында бақшадан қол арбаны ұрлап бара жатқан жасөспірімдердің видеосы желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды, деп хабарлады РИА Новости.


Кадрларда екі жеткіншектің жабық тұрған үйдің қақпасынан қол арбаны алып шығу үшін әртүрлі тәсілдерді қолданып жатқаны байқалады. «Ұрлау операциясы» барысында орындық, үстел, тіпті баспалдақ та қолданылды. Бірнеше минут бойы қол арбамен алысқан балалар ақыр соңында оны қақпадан асырып жіберді.


Видеоның соңғы бөлігінде «қылмыскерлердің» кішісі қол арбаға отырып, үлкені оны сүйретіп бара жатқаны түсіп қалған.


«Россия 24» телеарнасында 3 қыркүйекте көрсетілген роликті желі қолданушылары 2 млн-нан астам рет қарап шыққан.


Видеоның астына комментаторлар әртүрлі жазбалар қалдырған. Біреулер оларды мысқылдаса, екіншілері балалардың жасаған «қылмысы» заңмен қудаланатынын атап өтті.


«Қол арбаны ұрлап, рюкзактарын тастап кетті», - деп жазды Анастасия Ординарцева.


«Қол арба қалайша «тірі» қалды», - деп атап өтті Олеся Олеговна.



 baq.kz




Көрілген: 2599    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31