Шартарап

Ұятсыз картинаны көрсеткен телеарна дауға қалды

  • Сурет: gazeta.uz

    Сурет: gazeta.uz

Өзбекстандағы балалар мен жасөспірімдердің "Аклвой" телеарнасы осы аптада жаңа қызметкер алатынын жариялады. Қызметкер "материалдардан өзбек менталитеті мен рухына қайшы суреттер мен көріністерді іздеумен" шұғылданады.

 

Телеарнаның бір қызметкері осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, мұндай қызмет "Sevimli" және "Zu'r TV" телеарналарында бар.

 

"Біз қосымша тағы бір қызметкер жалдадық. Ол біздің рухымызға сәйкес келмейтін көріністерді қиып тастаумен айналысады", - дейді телеарна қызметкері.

 

Бұның алдында "Аклвой" телеарнасының бір қызметкері "ұят көріністер көрсеткені үшін" жазаланған.

 

Осы телеарнада көрсетілген "Шахерезада" және "Арт - Одиссея" мультсериалдары әлеуметтік желі қолданушылардың сынына ұшыраған.

 

"Арт – Одиссея" мультфильмінде Қайта өркендеу дәуірінің суретшісі Сандро Ботичеллидің (1445-1510) "Венераның дүниеге келуі" туындысы көрсетілген. Өзбек көрермендерінің сынына ұшыраған "Арт-Одиссея" мультфильмі бұған дейін әлемнің ондаған елінің балалар арналарында көрсетілген.

 

Бұған қоса, Өзбекстандағы көрермендердің бірқатар Алладин мен ханшайымның сүйісуін көрсетуге қарсы шыққан. Бұл мультфильмді де "Аклвой" телеарнасы көрсеткен.

 

Қоғам сынынан соң, телеарна басшылығы "ұят көріністер үшін" бір қызметкерді жазалағанын хабарлады.

 

 

 centralasian.org




Көрілген: 849    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 18:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31