Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Үйде босанып, нәрестені мұздатқышқа жасырған

10 ақпан 2021, 19:20

Украинаның Ровенск облысында 34 жастағы әйел үйде босанып, нәрестені сүлгімен орап, мұздатқышқа салып қойған. Келіншек бұл әрекетін бірден мойындамаған. Бұл туралы облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады. 

 

Хабарламада айтылғандай, әйел, шамамен жүктіліктің жетінші айында болған.

 

Мерзімінен бұрын босанған келіншек баланың кіндігін өзі кесіп, сәбидің денесін тоңазытқышта жасырған.

 

Көп ұзамай әйелден қан кетіп, ауруханаға баруға мәжбүр болыпты.

 

Оның жүктілікке байланысты тіркеуде тұрмағаны, сонымен қатар аяғы ауыр екенін күйеуінен жасырғаны анықталды.

 

Ол дәрігерлерге бала сүюді қаламағандықтан жүктілікті өз бетінше тоқтатқанын айтқан, алайда кейінірек полицияға жаңа туған қыздың денесін қайда жасырғанын мойындады.

 

Әйелдің сөзінше, нәресте өлі туылған.

 

Қазіргі уақытта баланың өлімінің себептерін анықтау үшін бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

 

Тәртіп сақшылары жаңа туған нәрестені қасақана өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

 

 

turkystan.kz