Ұйқысыздық дертінен қаза тапты

19 қаңтар 2023, 15:48

Мәскеу қаласында 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. . Бұл жайында islam.kz тілшісі ren.tv ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды. 

Мәйіт Южнобутовская көшесіндегі пәтерлердің бірінен табылды. Дәрігерлер оның отбасылық өлімге әкелетін ұйқысыздықтан зардап шеккенін анықтады. Алдын ала болжам бойынша оның өліміне осы дерт себеп болуы мүмкін.

 

Отбасылық өлімге әкелетін ұйқысыздық - емделмейтін сирек ауру, ол тұқым қуалайды.

 

Түрлі дереккөздерге сүйенсек, әлемде бұл дерттің 40-тан 70-ке дейін тіркелген жағдайы бар.

 

Өлімге әкелетін отбасылық ұйқысыздықтың емі жоқ, алайда, ол тез дамып, адамның үйреншікті өмір салтын және оның әлеуметтік белсенділігінің мүмкіндігін күрт бұзады.

 

Алайда, София Черкасова есімді сомнолог дәрігер әрі медицина ғылымдарының кандидаты жасөспірімнің ұйқысыздан өлгеніне күмәнмен қарайды.

 

Оның айтуынша, өлімге әкелетін отбасылық ұйқысыздық - тұқым қуалайтын ауру. Ол «приондық аурулар» деп аталатындарға жатады, өйткені, патологиялық ақуыздар, - приондар организмде түзіліп, дегенеративті процестерді тудырады.

 

Осыған байланысты ми қызметі бұзылып, белгілі бір губка тәрізді құрылымға ие болады, ал жүйке тіндері өз функцияларын толық орындаудан қалады. Көптеген процестердің, соның ішінде ұйқының бұзылуына әкеледі. Аурудың 7-18 айына дейін адам ұйқысыздықтың күшеюінен баяу өледі.

 

Сонымен қатар, аурудың ең басында неврологиялық көріністер пайда болады - қарашықтардың кеңеюі, терлеу, содан кейін координацияның (қимыл-қозғалысындағы үйлесімсіздік) бұзылуы уақыт өте келе қауіпті сипат алады.

 

Әдетте, отбасылық ұйқысыздық жасөспірімдерде, кейде жастарда, 40 жастан кейін адамдарда өте сирек кездеседі.