Шартарап

Үйленгендеріне небәрі төрт күн болған жас жұбайлар ұшақ апатынан көз жұмды

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың Колорадо штатында үйленгендеріне төрт күн болған жас жұбайлар әуе апатынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Мұндай ақпаратты Сан-Мигель аймағының шерифі Twitter парақшасында жариялады.

 

30 жастағы Костас Джон Сивиллис пен 33 жастағы Линдси Вогеляр үйленген соң Теллерайд қаласында бал айларын өткізген. Жас жұбайлар саяхаттан үйлеріне қайтып бара жатқан сәтте апатқа ұшыраған.

 

Полицияның ақпаратынша, ерлі-зайыптылар ұшқан жеңіл моторлы ұшақ көкке көтерілген соң шамамен 10-15 минуттан кейін жерге құлаған.

 

Қаза болғандардың әуе саласында жұмыс істегені хабарланды.

 

Сивиллис United Airlines компаниясында ұшқыш және ұшу инструкторы болып еңбек еткен.

 

АҚШ-тың Көліктегі қауіпсіздік бойынша ұлттық кеңесі қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісіп кеткен.

 

 




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 13:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30