Шартарап

Үйлену тойында қалыңдықтың туыстары күйеу жігіт пен оның ағасын атып өлтірді

  • Үйлену тойында қалыңдықтың туыстары күйеу жігіт пен оның ағасын атып өлтірді

    Үйлену тойында қалыңдықтың туыстары күйеу жігіт пен оның ағасын атып өлтірді

Жаңа Мәскеуде қала сыртындағы клубта өткен үйлену тойында күйеуі жігіт пен оның інісі атып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 23 қаңтарға қараған түні - мерекені мекемеде тойлаған екінші күні болған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, күйеу жігіт қалыңдығы жағынан келген қонақтардың бірімен жанжалдасқан. Ашуланған қарсыластар күйеу жігіт пен оның ағасын мәселені жігіттерше шешуге шақырып, атып тастайды. Содан кейін жол талғамайтын қара көлікпен қашып кеткен.

"Московский комсомолец" басылымы оқиғаның мән-жайын анықтады. Қаза тапқандар Молдованың тумалары болып шықты - 34 жастағы күйеу жігіт Радик Кординану және оның 36 жастағы ағасы Филип Кординану. Екеуінің де Ресей азаматтығы болған.

Басылымның мәліметінше, текетірес би жарыстан басталған. 

РЕН ТВ телеарнасы кісі өлтіру орнынан видео жариялады. Ұсынылған кадрларда қылмыс ойын-сауық клубына кіре берісте болғанын көруге болады. Шамасы, қылмыскер жәбірленушілерді мекемеден шығарып үлгерген.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кісі өлтірген екі күдіктіні ұстады.




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31