Үйлену тойында күйеужігіт қалыңдықты басынан ұрып жіберді (видео)

12 маусым 2022, 23:28

Өзбекстанда үйлену тойында күйеужігіт байқауда жеңіске жеткені үшін қалыңдықты қолымен қатты ұрып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

видеодан кадр

Үйлену тойында асаба жас жұбайлар арасында конкурс өткізеді. Жарыста күйеужігіт емес, қалыңдық жеңіске жетеді. Сол үшін ер адам оны бар күшімен басынан соғып қалады. Видеодан қыздың өзін нашар сезініп, құлауға аз қалғанын байқауға болады. Жақын жерде болған әйелдер оған сахнадан түсуге көмектеседі. 

Оқиғаның орны мен уақыты туралы нақты ақпарат жоқ. Құқық қорғау органдары да ресми түсініктеме бермеген.