Шартарап

Үйлену тойындағы оқыс оқиғадан кейін жігіт қалыңдығын ұмытып қалған

  • CC0 / Elkimmelito

    CC0 / Elkimmelito

Шотландияда ер адам үйлену тойынан кейін комаға түсті, деп хабарлайды Scottish Daily Record.


Уэст-Лотиан облысының тұрғыны Крис Мэллон қонақүй қызметкеріне тойға әкелген сыйлықтарды бөлмеге апаруға көмектеспек болған. Сол кезде баспалдаққа сүрініп, 3,7 метр биіктіктен құлады.


Ер адам бас-сүйек, арқа, қол, иық жарақатын алып, жүрегі мен өкпесіне зақым келді. Дәрігерлер науқастың жағдайын жол-көлік апатынан аман қалған адаммен салыстырды.


Мэллон он күн бойы жансақтау бөлмесінде жатты. Есін жиған кезде, біраз нәрсені ұмытып қалғаны белгілі болды.


"Мен оның есін жиғанын көрдім. Бірақ ол қатты ұялды. Өйткені біздің үйленгенімізді де ұмытып қалған еді", — деді әйелі Аврил.


Сондықтан әйелі тойда ойнаған әнді айтқан. Сол кезде жігіт бәрін есіне түсіре бастаған.


Жігіт бірнеше апта бойы дәрігерлер бақылауында болды. Мамандар оның қалпына келуіне кем дегенде жарты жыл кетеді деген болжам жасаған болатын. Алайда жігіт небәрі бір ай ішінде үйіне оралды.


Оның сол құлағы естімей қалған әрі иіс пен тағамның дәмін сезбейді.


 sputnik




Көрілген: 557    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 10:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30