Шартарап

Үйіне қонақ шақырған әйел отағасының бір сөзінен кейін аса ауыр қылмысқа барды

  • © AFP 2019 / MARIA ANTONOVA

    © AFP 2019 / MARIA ANTONOVA

Ресейдің Архангельск облысында ерлі-зайыпты арасында жанжал болып, әйел өз күйеуін пышақтап тастады. Бәріне тамаққа қатысты айтылған ескерту себеп болған, деп хабарлады РИА Новости.

 

Қайғылы оқиға өткен демалыс күндері Корямже қаласында болды. 52 жастағы әйел өзінен екі жас үлкен күйеуімен бірге үйіне қонақ шақырған. Дастарқанға арақ-шарап қойылып, көңілді әңгіме айтылады. Бірақ отағасының бір сөзінен кейін отырыстың шырқы бұзылған.

 

"Ер адам әйеліне дөрекі сөйлеп, басқа тамақ пісіруің керек еді деп ескерту жасаған. Содан ерлі-зайыптының арасында жанжал шығады. Отағасы оның ернінен тартып жібереді. Ашуға булыққан әйел асүй пышағын алып, ер адамның кеудесіне сұғып алған. Үйдегі қонақтар бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келгенше ер адам қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.

 

Ресей заңнамасына сәйкес, адам өлтіргені үшін 6-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотқа дейін күйеуін өлтірген әйел тергеу изоляторында отырады.

 

sputnik 




Көрілген: 297    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2020, 15:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30