Вакцина алмаған Бразилия президентін матчқа кіргізбей қойған

11 қазан 2021, 10:52

Бразилия президенті Джаир Болсонаро COVID-19-ға қарсы екпе алмауына байланысты футбол матчына кіргізілмеді. Ол бұл туралы журналистерге өзі айтты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Ria.ru басылымының жазуынша, президент Джаир Болсонаро екпе құжатының жоқ болуына байланысты футбол ойынына кіргізілмеген. Көмекшілерімен бірге матч көруге келген ол бұл туралы журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

 

Мен "Сантостың" ойынын көргім келді. Бірақ екпе алмауыма байланысты ойынға жібермеді. Құжат көрсетіңіз дейді. Ал мен денемде антиденелер көп екенін айттым. Бірақ сонда да кіргізбеді, — дейді Президент.

 

Бразилия президенті Джаир Болсонаро COVID-19 былтыр жұқтырып ауырған болатын. Қазір саясаткер еңбек демалысында жүр.