Шартарап

Вакцинадан бас тартқандардың ұялы байланысы бұғатталатын болды

  • Вакцинадан бас тартқандардың ұялы байланысы бұғатталатын болды

    Вакцинадан бас тартқандардың ұялы байланысы бұғатталатын болды

Пәкістан провинцияларының билігі коронавирус инфекциясына қарсы вакцинадан бас тартқан тұрғындардың ұялы байланысы бұғатталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ZeeNews сайтына сілтеме жасап. 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек департаментінің баспасөз хатшысы Пенджаб Хаммад Разаның айтуынша, алдымен бұл шаралар ұсыныс ретінде айтылған. Алайда адамдар вакцина салдырмай жатыр, сондықтан осындай шешім жасалды.

Мәселен, вакцинадан бас тартатын мемлекеттік қызметшілерге шілдеден бастап жалақы төлеу тоқтатылады. Ал ұялы байланысты бұғаттаумен Пәкістанның Мемлекеттік байланыс агенттігі айналысады.

Пәкістанның жас дәрігерлер қауымдастығының басшысы Салман Хасибтің айтуынша, адамдар вакциналар туралы қауесеттер мен жалған ақпарат таратады. Ең көп тарағаны - вакцинаның жанама әсерлері туралы, атап айтқанда бедеулік немесе екі жыл ішіндегі өлім.

Ал Пәкістанның вакцина алған тұрғындарына кинотеатрларға, мерекелік залдарға және храмдарға баруға рұқсат етіледі. Екпе салдырғандар саны 20 пайыздан асатын аудандарда кәсіпорындардың жұмысындағы шектеулер алып тасталады. 

Бұған дейін Пәкістанда әлеуметтік желілер уақытша өшірілген болатын. Шектеулер YouTube видео хостингіне, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне, сондай-ақ Telegram және WhatsАpp мессенджерлеріне әсер етті.




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 21:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31