Вакциналау басталғаннан кейін әлемде 9 жаңа миллиардер пайда болды

23 мамыр 2021, 13:13

Вакциналау басталғаннан кейін әлемде 9 жаңа миллиардер пайда болды. Олардың жиынтық пайдасы $19,3 млрд. құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кейбір деректер бойынша, бұл табыс деңгейі төмен елдердің халқын екпемен қамтуға жеткілікті болар еді. Ең көп табыс тапқан Мoderna және BioNTech басшылары. Сонымен қатар миллиардерлер тізіміне келесілер кірді:

иммунолог және Мoderna инвесторы Тимоти Спрингер ($2,2 млрд.) Moderna Директорлар кеңесінің төрағасы Нубар Афеян ($1,9 млрд.)
Moderns вакциналары үшін қаптама дайындайтын Rovi компаниясының төрағасы Хуан Лопес-Белмонте ($1,8 млрд.)
ғалым және Modern инвесторы Роберт Лангер ($1,6 млрд.)
қытайлық CanSino Biologics фармацевтикалық компаниясының құрылтайшысы және бас ғылыми қызметкері Чжу Тао ($1,3 млрд.)
CanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Цю Дунсу ($1,2 млрд)
СanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Мао Хуайхуа ($1 млрд).
ДДҰ Сovid-19-дан болған өлім жағдайларын бағалады. Статистика ресми деректерден бірнеше есе жоғары болды. Анығында 6-8 млн. адамның көз жұмуы мүмкін деп мәлімделген еді. ДДҰ бас директорының деректер және аналитика жөніндегі көмекшісі Самира Асма келесі мәліметтерді хабарлады: «коронавирус салдарынан болған 3,4 миллион өлім жағдайлары қайта қаралуы мүмкін, нақты саны 6-8 млн. адам болуы ықтимал».

ҚазАқпарат.