Вирусолог: COVID-19 пандемиясы аяқталуға жақын

02 наурыз 2022, 18:04

Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Альтштейн әлем әлі пандемиядан аман өтпегенін, бірақ оның аяқталып қалуы әбден мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“COVID-19 жағдайларының 97% ЖРВИ немесе симптомсыз. Одан аман қалғанымыз, әрине, білдірмейді. Пандемия біткен жоқ - адамдар ауырып, көз жұмады. Мәліметтерге қарасақ, күніне 100 мыңға жуық науқас тіркеледі. Оның үш пайызы, яғни үш мың адам ауыр жағдайда ауырады”, – деді вирусолог Анатолий Альштейн.

Маманның айтуынша, COVID-19 індетінің толқындары бұдан былай болмайды және аурушаңдық төмендейді. Бірақ пандемия аяқталуы үшін қоғамдық орындарда бетперде кию, сондай-ақ екпе алу маңызды.

“Біз қазір халықтың иммундық фонына сене аламыз, бұл аурудың басылуына және толқындардың тоқтауына ықпал етеді”, – деді вирусолог Анатолий Альштейн.

Профессор пандемияны тоқтату туралы шешімді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қабылдайтынын айтты. Оның пікірінше, пандемия аяқталғаннан кейін де ауыр және өлімге әкелетін жағдайлар жойылмайды, жай ғана көрсеткіштер төмендейді.