ВКонтакте клиптері жаңа рекорд орнатты — белсенділік екі есе артты

07 наурыз 2022, 20:03

Әлеуметтік желінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта қарым-қатынас орнатып, жақсы көңіл-күй сыйлау маңызды екенін атап өтті
Sputnik. ВКонтакте клиптерінің қаралымы мен жаңа роликтерді жүктеу екі есеге өсті, деп хабарлайды VK баспасөз қызметі.
 
"Бізге басқа платформалардан контент авторлары көптеп тіркеліп жатыр. Бұған дейін бізбен бірге болған клип жүктеушілер тарапынан да белсенділік артты", - делінген хабарламада.
 
Әлеуметтік желінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта қарым-қатынас орнатып, жақсы көңіл-күй сыйлау маңызды екенін атап өтті.
Олар жалпы жүлде қоры 100 миллион рубль болатын Вконтакте клиптері белсенділігі жобасын іске қосатынын жекізді.